Спорт

«Болашақ ойындары – 2026»: Астанаға Халықаралық киберспорт федерациясының президенті келді

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында елордаға келген Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Влад Маринескуді Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды.

Әуежайда құрметті мейманға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Влад Маринеску ұлттық ас мәзірінен дәм татып, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрімен танысты. Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» спорт, технология және инновацияны тоғыстырған әлемдік деңгейдегі бірегей халықаралық жарыс болмақ.

Айта кетейік, халықаралық турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button