Павлодарлықтар енді трамвайда «Әділет» партиясының бағдарламасымен таныса алады
Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбайдың айтуынша, трамвай Павлодардың төл бейнесіне айналған көлік түрі болғандықтан, тұрғындармен жүздесудің осы тәсілі таңдалған.

Павлодарда «Әділет» партиясының брендімен безендірілген бес трамвай жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Қаладағы негізгі бағыттарға қатынайтын қоғамдық көлік күн сайын мыңдаған жолаушыға қызмет көрсетеді.
Павлодар облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбайдың айтуынша, трамвай Павлодардың төл бейнесіне айналған көлік түрі болғандықтан, тұрғындармен жүздесудің осы тәсілі таңдалған.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Асылбек Туғанбайдың айтуынша, Павлодарды трамвайсыз елестету қиын. Сол себептітұрғындармен жүздесу үшін қалада ең жиіқолданылатын қоғамдық көлік түрі таңдалған.
Бес брендтелген трамвай қаладан барлық бағытқа,оның ішінде шалғай шағын аудандарға да қатынайды. Жолаушылар сапар барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттармен тілдесіп, «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныса алады. Сонымен қатар өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізугемүмкіндік бар.
Павлодар қалалық трамвай басқармасының директоры Мүслім Махмұдовтың айтуынша, бұл трамвайлар күн сайын бес бағытта қатынап, шамамен 15 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ ол Трамвай басқармасындағы 500-ге жуық қызметкер ADILET бастауыш партия ұйымына мүше екенін атап өтті. Ал бұл кәсіпорын ұжымының 95 пайызын құрайды.
Брендтелген трамвайға алғашқылардың бірі болып мінген Павлодар тұрғыны ерекше безендірілген вагонды көргендегі әсерін бөлісті.
– Трамвайды көріп, «жаңартып, әдемілеп қойыпты» деп ойладым. Кейін ішінде партия өкілдерінің жолаушылармен әңгімелесіп, бағдарламаларын таныстырып, сұрақтарға жауап беріп жатқанын байқадым. Шынымды айтсам, мұндайды күткен жоқпын. Әңгімелесіп, пікір алмастық. Ашық-жарқын, жылы жүзді адамдар екен, – деді қала тұрғыны.
Павлодар облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Илья Теренченконың айтуынша, брендтелген трамвайлар – өңірде қолға алынған сайлауалды жұмыстарының бір бөлігі ғана. Қазір партия өкілдері Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында және аудан орталықтарында тұрғындармен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырып, халықтың ұсыныс-пікірін жинап жатыр.
Жобаның таныстырылымына Павлодар облыстық сайлауалды штабының өкілдері, Құрылтай депутаттығына кандидаттар, жастар қанатының белсенділері және Д.Д. Махмұдов атындағы Павлодар қалалық трамвай басқармасыныңбасшылығы қатысты.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
