«Каспийдегі шабуыл жауапсыз қалмайды»: Иран Украинаға қатаң ескерту жасады
Иран Каспий теңізіндегі сауда кемесіне жасалған шабуылды қатаң айыптап, Украинаның бұл әрекетін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Иранның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сенбі күні таңертең украиналық әскери күштер Ресейдің Астрахань портынан Иранның Энзели портына бағыт алған азаматтық жүк кемесіне соққы жасаған. Шабуыл салдарынан бір теңізші қаза тауып, тағы бірі жараланған.
Иран парламентінің сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комиссиясының төрағасы Эбрахим Азизи X әлеуметтік желісінде Иранға қарсы жасалған кез келген әрекет жауапсыз қалмайтынын айтты.
“Иранға жасалған кез келген шабуылдың өтеуі болады және бұл қағида бүгін де өзекті. Украина да жуық арада Иранның өзіне қарсы әрекеттерді жауапсыз қалдырмайтынын түсінеді. Қателескендердің қатары көбейіп келеді”, – деп жазды Азизи.
Ал Иран Сыртқы істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийді халықаралық құқықты бұзды деп айыптады.
Иран СІМ сауда кемесіне жасалған шабуылды БҰҰ Жарғысын өрескел бұзу деп бағалады. Ведомствоның пікірінше, бұл әрекет Израильдің ықпалымен жасалып, Еуропаны соғысқа тартуды көздейді.
Министрлік Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Калласпен және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткен әңгімелерде де бұл мәселе көтерілгенін атап өтті.
«Киевтегі бұл масылдың әрекеті жауапсыз қалмайтынын анық жеткіздім», — делінген Иран СІМ таратқан мәлімдемеде.
Осылайша, Иран тарапы Каспий теңізіндегі оқиғаға байланысты Украинаға қарсы жауап шараларын қабылдайтынын мәлімдеп отыр.



