Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтату туралы ұсынысына жауап берді
Бұған дейін Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуды ұсынған еді.

Кремль Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей–Украина қақтығысын уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин Омбыдағы кездесуде Тоқаевқа Украинадағы жағдай жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берген.
Песковтың сөзінше, Ресей қазіргі жағдайда қақтығысты уақытша тоқтату мүмкін емес деп санайды, өйткені бұл Украина ұстанымына да байланысты. Оның айтуынша, Мәскеу үшін басты шарт – өз мақсаттарына қол жеткізу.
«Әскери әрекеттерді тоқтатудың шарттары түсінікті. Егер Киев тиісті шешімдер қабылдаса, барлығы тәулік соңына дейін тоқтауы мүмкін», – деді Песков.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді. Ол жасалған барлық ұсыныстар мен шақыруларға қарамастан, мен делдал болудан үзілді-кесілді бас тартатынын мәлімдеді.



