Түркістанда 2 жасар бала дәретханаға құлап, көз жұмды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала дәретханаға құлап, көз жұмды Оқиға 22 шілдеде болған.
Өңірлік ТЖД мәліметі бойынша, бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалып, тереңдігі 2,5 метрлік даладағы дәретханаға құлап кеткен.
«Түркістан облысы Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы ауылында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған. Сол сәтте абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел медициналық жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды», — деп хабарлады Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


