Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жеке табыс салығы салынуы мүмкін
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін бюджеттен тыс қорларға 4 пайыз төлейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жеке табыс салығы салынуы мүмкін.
Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаевтың айтуынша, мемлекеттік органдар жыл соңына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты жағдайды зерделейді. Бұған олардың санының айтарлықтай өсуі себеп болған. Жылдың алғашқы жартысында елде 688 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
Ал өткен жылы курьерлер мен такси жүргізушілерін қоса алғанда, платформалық жұмыспен айналысатындардың саны 100 мыңнан аспаған.
Қазір бұл санат жеке табыс салығын төлеуден босатылған. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін бюджеттен тыс қорларға 4 пайыз төлейді.
Егер бұл санат Кәсіпкерлік және Әлеуметтік кодекстерде жеке санат ретінде бекітілсе, оларға жеке табыс салығын төлеу міндеттелуі мүмкін. Бұл ретте олардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мәселесі де қаралуы ықтимал. Соңғы шешім әзірге қабылданған жоқ.



