Қоғам
Көліктің төбесіне дейін жетті: Астанада қатты жауын салдарынан машиналар суға батты

Бүгін Астанада түс ауа жауған нөсер жауынның салдарынан көптеген көшенің қиылысында көлік қозғалысы қиындады. Жолдағы көліктер суға батты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жауын жарты сағаттан астам уақыт қана жауғанымен, екпіні қатты болғаны соншалықты, көшелер суға лық толды.
Осының салдарынан бірнеше автокөлік жол ортасында тоқтап қалды. Кейбір жерде су көліктің бел ортасынан асып кетіп, жүргізушілер машинаның төбесіне шығып отыруға мәжбүр болды.
Видеода Бауыржан Момышұлы мен Асқар Тоқпанов көшесінің қиылысындағы жағдай түсірілген.
Сонымен қатар қатты жауын-шашын кезінде суға толып қалатын Мәңгілік ел көшесінде де көлік жүрісі баяулады. Бұл маңдағы жаяу жүргіншілер суды жалдап өтуге мәжбүр болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



