Нұрлан имамға интернетте уағыз айтуға ресми рұқсат берілді
Бұл куәлік тек мешіт қабырғасында емес, сонымен қатар интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерде де діни мазмұндағы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуге құқық береді.

Белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы өзіне және екі орынбасарына миссионерлік қызметті заң аясында жүзеге асыруға мүмкіндік беретін куәлік берілгенін мәлімдеді.
Имамның айтуынша, құжат Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарына сәйкес рәсімделген.
Бұл куәлік тек мешіт қабырғасында емес, сонымен қатар интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерде де діни мазмұндағы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуге құқық береді.
Нұрлан Байжігітұлының сөзінше, қолданыстағы заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес миссионерлік қызметпен айналысу үшін арнайы рұқсат қажет. Осы талап негізінде оған және екі наиб-имамға ресми куәлік табысталған.
Рұқсат алғандардың қатарында Берік Арын мен Сұңғат Саметов те бар.
Имам бұл құжаттың ислам діні қызметкерлеріне берілген алғашқы ресми миссионерлік куәлік екенін атап өткен.



