Қоғам
«Тегін тамақ деп жүріп өліп кетпеңдер!»: белгілі заңгер халықтың надандығын айтып, ренішін білдірді
Соншалықты надансыңдар ма, ашсыңдар ма?
Біздің халықты жою үшін сыртқы күшке қару да, соғыс та қажет емес…
Өзіміздің топастығымыз бен жауапсыздығымыз жеткілікті.
Егер бір күні тамақтарыңа биологиялық қоспа немесе адам ағзасына зиянды зат араластырылған өнімді «тегін» деп таратса, соны да еш күмәнсіз алып жейсіңдер сендер!
«Біз ұлы халықтың ұрпағымыз!» деп мақтанасыңдар. Бірақ ұлы халық ең алдымен ақылымен, сақтығымен және намысымен ерекшеленеді.
«Халықты сынама» дейтін шығарсыңдар! Сендерге мен айтпасам кім айтады?!
Кейде халыққа да ащы шындықты айтатын адам керек!
Не болып барасыңдар, айтыңдаршы соншалықты ашсыңдар ма?
Біреу «тегін» десе болды, ойланып-толғанбай, жаппай ұмтыла бересіңдер ма?
Оның қайдан келгеніне, құрамында не барына, сапасына, қауіпсіздігіне мән бермей осылай таласа бересіңдер ма?
Соншалықты надансыңдар ма?
Дұшпан бізді міндетті түрде қарумен жеңудің қажеті жоқ.
Егер адамдар ойланбай әрекет етсе, биологиялық қоспа немесе өзге де зиянды зат қосылған өнімді «тегін» таратып-ақ, халыққа ауыр зардап келтіре салады.
Ішіміз толған тыңшылар, осыншалықты іштей іріп жатырмыз ба?
Тегін ешнәрсе жоқ, соңғы жылдары көрдіңдер ғой тегін дүние беріп, пирамидаларға алданғандардың зардабын!
Көздерің ашылмады ма?
Бастарыңды осылай тегін берген дүниелерге тығып аласыңдар, сосын жүресіңдер полицияны, билікті кінәлап.
Ал өз жауапкершіліктерің қайда?
Ол алған азық қанша күнге жетеді? Бір апта ма? Бір ай ма?
Есесіне денсаулыққа келген зиянның орнын ештеңе толтыра алмайды.
Сондықтан оянайық, халқым!
Алдағы соғыс биологиялық соғыс болуы мүмкін, тегін берген дүниелерге жүгіре бермеңдер!
Ұлы халық екендеріңді сөзбен емес, саналы әрекеттеріңмен дәлелдеңдер! Құры көкірек қағып, тегін тамақ жеп жүріп өліп кетпеңдер!
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан


