Қоғам

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығатын болды.

Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растаған.

Қорғаушының айтуынша, Байжановқа жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қолданылған. Ол бұған дейін төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2025 жылы сот рақымшылық негізінде оның жазасын сегіз ай сегіз күнге қысқартқан.

Ал 2026 жылдың сәуірінде Байжановқа қатысты рақымшылық жасау туралы сот шешімі күшіне енген.

Қазіргі ақпарат бойынша, ол 22 шілдеде бостандыққа шығуға дайындалып жатыр. Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша қылмысты жасыруға байланысты сотталған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button