
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі төтенше және өкілетті елшісін ауыстырды.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлауынша,
Ералы Тоғжанов – Қазақстанның Өзбекстандағы;
Амангелді Саинов – Румыниядағы;
Әлібек Бақаев – Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіндегі елшісі болып тағайындалған.
Бұған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы және Румыниядағы елшілері болған Бейбіт Атамқұлов пен Ерлік Әли қызметтен босатылды.



