Қоғам
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының шешімімен Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.
Ол Мәскеу физика-техника институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы бастап, «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында түрлі басшылық қызметтер атқарған.
2023 жылдың сәуірінен бері қордың стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.
Ал 2024 жылдың ақпанынан бастап «Қазақстан темір жолы» директорлар кеңесінің құрамына енген.
Бұған дейін ұлттық компанияны 2025 жылғы 3 шілдеден бері басқарған Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды.


