Мәдениет

Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін алып берді (ВИДЕО)

Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтердің кілтін табыстады.

Бұл туралы продюсердің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бейнежазбада Баян Мақсатқызы толықтай дайын, заманауи жиһаздармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтерді Меруерт Өтекешоваға көрсетіп, кілтін табыстап жатқанын көруге болады.

Халық әртісі бұл сыйлыққа ризашылығын білдіріп, көзіне жас алғанын жасырмады.

«Сөзім жоқ! Екеуміз бір жердің тумасымыз ғой. Көп рақмет! Жылағым келіп тұр», – деді Меруерт Өтекешова.

Бұған қоса Баян Мақсатқызы өнер иесіне тағы бір тосынсый жасап, Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама сыйлағаны белгілі болды.

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button