Саясат
Ұлытау облысының әкімі ауысты

Ұлытау облысының әкімі ауысты.
Мемлекет басшысы 40 жастағы Есет Байкенді Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылған еді.



