Тылсым

«Анасының шашын теңізге жіберсін»: Ақтауда суға кеткен баланы табу үшін туыстары бақсыға жүгінген

Сегіз күн бойы Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалған Азаматтың денесін халық емшісі Самат Сәденов тауып берді.

Каспий теңізінде сегіз күн бойы із-түзсіз жоғалған Азаматтың денесі табылды. Марқұмның жақындары әлеуметтік желіде халық емшісі Самат Сәденовке алғыс айтып, оның іздеу жұмыстарына атсалысқанын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Марқұмның туыстарының жазуынша:

«Сегіз күн бойы Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалған азаматтың денесін халық емшісі Самат Сәденов тауып берді. Алладан биік ешкім жоқ бұл кісіні себепші еткен Алла деп қабылдаңыз. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына Алла сабыр берсін. Ешбір ата-ананы баласымен, ешбір баланы ата-анасымен сынамасын. Самат Сәденовке жасаған еңбегі мен жанашырлығы үшін Алла разы болсын. Осындай қиын сәтте қолынан келген көмегін көрсетіп, іздеу жұмысына атсалысқаны үшін алғыс айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», деп жазды ерікті.

Сондай-ақ Самат Сәденовтің іздеу барысында қандай амал айтқаны да белгілі болды.

«Бауыржан деген кісі қазанға баланың киімін және анасының шашын аздап қиып салып, теңізге жіберсін», деп жазды ол өзінің парақшасында.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button