Оқиға

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді автожолында болған жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысып, салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button