Қоғам

«Қонақүйде босанып, сәбиін кәрізге ағызып жіберген»: Астанада сұмдық оқиға болды

Астанадағы қонақүйлердің бірінде сұмдық оқиға болды. Тұрғындардың бірі кәріз жүйесінен нәрестенің денесін тауып алған, деп хабарлады tiek.kz.

Stan.kz ақпарат порталының жазуынша, Астанадағы қайғылы оқиға туралы ақпаратты Threads желісінде tatarovna_ лақап атымен тіркелген қолданушы жариялаған. Оның айтуынша, өзі тұратын ауданда бірнеше жыл бұрын үйдің дәл іргесіне қонақүй салынған. Тұрғынның сөзінше, бұл көрші үй тұрғындарына көптеген қолайсыздық тудырып келеді.

«Бірақ осы айда болған жағдай адам түсінігі мен моральдық шектен асып түсті. Қонақүйге келген келушілердің бірі нөмірлердің біріндегі дәретханада босанып, сәбиді бізбен ортақ кәріз жүйесіне тастап кеткен. Нәресте – алты айлығында туған қыз бала. Түнгі сағат үш шамасында көршім хабарласып, кәрізден сәби табылғанын және қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне көмектесу үшін сыртқа шығуымыз қажет екенін айтты. Оқиға орнына келген полицейлер бірден бұл әрекетті үй тұрғындарының біреуі жасауы мүмкін деген күдік бар-жоғын сұрады. Біз ондай күдігіміз жоқ екенін айттық. Біздің ойымызша, бұл жағдайға қонақүйге келген адамдардың бірі қатысы болуы мүмкін», – деп жазған астаналық тұрғын.

Посмотреть в Threads

 

 

Астана қаласы полиция департаменті осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталғанын хабарлаған еді.

Бүгін Астанада алты айлығында босанып, нәрестесін кәрізге ағызды деген күдікке ілінген 29 жастағы әйел ұсталғаны белгілі болды.

Полицейлердің мәліметінше, шақалақты қонақүйлердің бірінің кәріз жүйесіне тастады деген күдікке 29 жастағы әйел ілінген.

“Құқық қорғау органдары нәрестенің мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жантүршігерлік оқиғаны кеше елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары анықтаған. Олардың болжамынша, нәрестенің мәйіті көрші орналасқан қонақүйден кәріз құбырлары арқылы түсуі мүмкін. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ал ұсталған әйелден жауап алынуда”, – делінген хабарламада.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button