18 шілдеден бастап Қазақстанда цифрлық теңге айналымға енеді

ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ 18 ШІЛДЕДЕН БАСТАП РЕСМИ АЙНАЛЫСҚА ЕНЕДІ
18 шілдеден бастап Қазақстанда цифрлық теңге мен цифрлық шоттарға қатысты заңнамалық нормалар күшіне енеді.
Жаңа ережелерге сәйкес, цифрлық теңгемен төлемдер мен ақша аударымдары тек цифрлық шоттар арқылы жүзеге асырылады. Цифрлық теңгені арнайы цифрлық платформада Ұлттық банк шығарады.
Платформа қатысушылары ретінде екінші деңгейлі банктер, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, Орталық депозитарий және Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті айқындалған.
Цифрлық шоттар жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарға ашылады.
Бұл ретте цифрлық шоттарға қызмет көрсету ақылы болады және операциялар үшін комиссия алынады. Ал жинақтаушы цифрлық шоттарды ашуға заңмен тыйым салынған. Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз теңгемен қатар қолданылатын ұлттық валютаның жаңа нысаны болады.



