Қоғам
Тренд

Павлодарда екі зейнеткер банк бөлімшесінде жарылыс жасады (ВИДЕО)

Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткерлер телефон алаяқтарының нұсқауын орындаған.

Павлодардағы банктердің бірінде торттың ішіне жасырылған петарда жарылып, екі зейнеткер жеңіл жарақат алды деген ақпарат тарады. Қызығы, кейін петарданы зейнеткерлердің өздері екені белгілі болды, деп хабарлады tiek.kz.

Павлодардағы банктердің бірінде екі зейнеткер торттың ішіне жасырылған петарданы жағып, салдарынан жеңіл жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткерлер телефон алаяқтарының нұсқауын орындаған.

Бұған дейін олар жалған инвестициялық жобаға ақша салып, қаржысынан айырылған. Кейін алаяқтар жоғалған қаражатты қайтарып береміз деп сендіріп, торт пен петарда сатып алуды және оны банктің ішінде іске қосуды тапсырған.

Мамандардың айтуынша, мұндай мағынасыз тапсырмалар белгілі бір нәтиже үшін емес, адамның еркін бағындыру үшін беріледі. Адам қисынсыз әрекетті орындаған сайын сыни ойлау қабілеті әлсіреп, алаяқтардың кез келген нұсқауын орындауға бейім бола бастайды.

Оқиғаға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Полиция алаяқтардың жеке басын анықтап, қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды іздестіріп жатыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп жатыр. Полиция бұған дейін алаяқтардың құрбаны болған азаматтарға қайта хабарласып, ақшаңызды қайтарамыз, өтемақы немесе ұтыс береміз деп алдайтынын ескертіп, мұндай ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button