Әлем

Украинада жаңа үкімет басшысы тағайындалды

Украина президенті Владимир Зеленский Жоғары Радаға жаңа премьер-министрді ұсынды.

Осылайша, министрлер кабинетін Сергей Корецкий басқаруатын болды.

Жоғары Рада спикері Руслан Стефанчук мәлімдеуінше, бастапқыда аталған лауазымға төрт үміткер болған. Олардың қатарында Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль, қорғаныс министрі Михаил Федоров, Харьков қаласының мэрі Игорь Терехов және Сергей Корецкий бар. Корецкий бұған дейін «Нафтогаз» басқарма төрағасы болды.

Зеленский кеңесулерден кейін премьер-министр лауазымына  Сергей Корецкий лайықты деп шешкен.

Іс жүзінде үкіметтің толық құрамы белгілі.  Жоғарғы Рада жаңа үкімет басшысын бекітуге және министрлер кабинетінің жаңа құрамына 16 шілдеде дауыс береді.

Айта кетейік, 14 шілдеде Украина Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкаға кетіп, министрлер кабинетін таратылған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button