Мәдениет

«Тоқал жүрген жер оңбайды»: Танымал актриса Тұңғышбай Жаманқұловтың былығын ашты

Мен енді бүгін шындықты айтайын.

Актриса Лейло Бекназар өзінің кезекті сұхбатында Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты бір құпияның бетін ашты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол «Қаралы сұлу» қойылымын сахналайтын кезде Жаманқұловтың араласқанын айтты.

«Мен енді бүгін шындықты айтайын. Режиссер Болат Атабаев «Қаралы сұлуда» Лейла ойнайды деген. Сол кезде театр директоры Тұңғышбай: Жоқ, менің әйелім Дария ойнауы керек!, деді. Сол кезде Болат Атабаев, егер Лейла ойнамаса, мен бұл қойылымды Әуезов театрында қоймаймын деген», деп өткенін еске алды актриса.

Желі қолданушалыра осы тұста түрлі пікір жазды.

«Тоқал жүрген жер оңбайды», «Тек театрда емес мұндай жағдай», «Кім не істесе де шындық су бетіне қалқып шығады», «Тұңғышбай аға дым ренжімесін, бірақ Дәрия апай дым ойнай алмайды», деді олар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button