Заң үстемдігі

Алматыдағы жол апаты туралы жазған блогер екі жарым жылға сотталды

Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылында кісі өліміне әкеп соққан жол апаты жайлы жазған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Оған «көпе-көрнеу жалған ақпарат таратты» деген айып тағылған еді. Үкімге сай, Молдаханға блогерлікпен айналысуға тыйым салынды.

Блогер әрі заңғар Молдахан сот процесі кезінде өзіне тағылған айыпты мойындайтынын айтқан.

21 наурызда Алматыда Александр Пак мінген Zeekr автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апаттан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапқан еді.

Оқиғадан соң Молдахан желіде пост жариялап, Алматыда түнде автокөлікпен жарыс ұйымдастыруға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген еді. Осыдан соң полиция блогерді «шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты» деп ұстаған.

Айта кетерлігі, Zeekr автокөлігінің жүргізушісі Александр Пакты 10 жылға түрмеге қамап, өмір бойына көлік айдау құқығынан айырылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button