«Шікірейіп, бата да бермеді»: Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)
Жүрсін ағаның әрекеті жағымсыз көрінді. Димашқа екі ауыз жылы сөзін қимады.

Қатонқарағайда өткен концерттен кейін әнші Димаш Құдайберген айтыс өнерінің көрнекті өкілі Жүрсін Ерманға арнайы барып, сәлем берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Өнер иесі ақынның денсаулығын сұрап, үлкенге деген құрметін көрсетті.
Бұл туралы айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов Instagram-парақшасында жазды. Оның айтуынша, Өр Алтайда Димашпен кездесіп, әншіге арнаған өлеңін оқып берген.
«Өр Алтайдың төрінде Димаш бауырыммен дидарласу бұйырды. Кешегі айтыста бір қайырым айтып едім», – деп жазды ақын.
Кездесу барысында Нұрлан Есенқұлов Димаш Құдайбергенге арнаған жырын орындап, туған өлке, өнер мен әншінің ел алдындағы абыройын жырға қосты.
Желі қолданушылары Димаштың концерттен кейін арнайы уақыт тауып, Жүрсін Ерманның көңілін сұрағанын жоғары бағалап, оның үлкенге деген ізеті мен тәрбиесіне ризашылықтарын білдірді. Алайда бір бөлігі Димашқа батасын бермек түгілі хал-жағдай сұраспаған Жүрсін Ерманды сынап тастады.
«Темекісін тартып шіренбей, бір сәт жылы сөз айтса болар еді», «Мына жерде Жүрсін ағам Тәкәппар, ішітар адамдай көрінді», «Жүрсін Ерман шікірейіп менсінбей отырған сияқты», «Немене мынау Жүкең, батасын беруді ұмытып кеткен бе», «Бір ауыз жылы сөз айтуға жарамады», «Алыстан ат арылтып алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем беріп келеді деге сөз әдіре қалды-ау мына жерде», «Темекі тартуды біледі, бата беруді білмей ме», «Жүрсін ағаның әрекеті жағымсыз көрінді. Димашқа екі ауыз жылы сөзін қимады ма, қиналды ма білмеймін. Темекісін тәкаппарлана тартып қойып отыр», — деп жазды оқырмандар.



