
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға жұмыс сапары барысында Әмір шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті.
Мемлекет басшысы Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, оның Қатардың өркендеуіне және Қазақстан–Қатар ынтымақтастығының нығаюына қосқан зор үлесін атап өтті.
Президент шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті салынғанын және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік әрі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асқанын еске алды.
Өз кезегінде Қатар Әмірі көңіл айту үшін арнайы барғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі халық арасындағы бауырластық байланыстардың маңызын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында тараптар қазіргі халықаралық ахуалды, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды талқылап, Қатар Әмірі Қазақстан Президентінің елімізге сапармен келу туралы шақыруын қабыл алды.



