Мәдениет

«Құйрық-бауырды түкіріп тастады»: Жұмабектің құдалықтағы әрекеті көптің ашуына тиді

Тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлының үйлену тойынан тараған видео әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бейнежазбада бас құда Жұмабекке қазақтың дәстүрі бойынша құйрық-бауыр ұсынылғаны көрінеді. Алайда кадрдан оның аузына салған құйрық-бауырды кейін қайта шығарып тастағаны байқалады.

Бұл көрініс желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірқатар оқырман мұндай әрекетті қазақтың салт-дәстүріне құрметсіздік ретінде бағалап, сынға алды. Ал кейбірі видеоның толық мән-жайын білмей жатып, асығыс қорытынды жасауға болмайтынын айтып, пікір білдірді.

«Өзіне қатысы жоқ бала ғой», «Дұрыс құда емес қой енді», «Біраздан кейін шығару керек еді», «Жей алмай ма», — деп жазды оқырмандар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button