Қоғам

Бірлік пен келісім – біздің ортақ құндылығымыз! — Жамбыл облысының тұрғындарына ерекше үндеу жасалды

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Біздің өңіріміз – түрлі этнос өкілдері ғасырлар бойы тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан құтты мекен. Біздің ортақ мақсатымыз – осы тыныштық пен өзара сыйластықты сақтау. Қазіргі ақпараттық кеңістікте түрлі қауесеттер мен жалған ақпараттар тез тарайды. Сіздерді парасаттылық танытып, тұрмыстық немесе жеке түсініспеушіліктерді этносаралық мәселеге айналдыруға жол бермеуге шақырамыз. Арандатушылардың сөзіне ермеңіздер!

Заң талаптарын қаперге саламыз:

ҚР Конституциясының 14-бабына сәйкес, ешкімді ұлтына, тіліне, дініне немесе басқа да жағдайларға байланысты кемсітуге болмайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін, оның ішінде әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Құрметті жерлестер, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер. Кез келген құқық бұзушылық немесе күдікті жағдай туындаса, бірден құқық қорғау органдарына (102) хабарласыңыздар.

Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын! Біздің күшіміз – бірлікте!

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button