Қоғам
Тренд

Миллиард теңге жымқырып, үш жылға сотталған Қожағапанов бостандыққа шықты

2025 жылы мамыр айында үш жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді. Қымыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Қожағапановтың өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасының бір бөлігі айыппұл төлеу жазасына ауыстырылған.

Еске салайық, 2025 жылы Ерлан Қожағапанов SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзовамен бірге 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің 15-өңіраралық ынтымақтастық форумы көрмесін ұйымдастыру кезінде 1 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы (Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), ал Көккөзоваға Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылған еді.

Сот шешімімен Қожағапанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды және оған басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды. Сонымен қатар сот оны мемлекеттік наградаларынан айырылған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button