Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Tiek.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

«Baqberen» жеке кәсіпкерлігі (Tiek.kz ақпараттық порталының меншік иесі) 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды берудің ақысы, шарттары мен тәртібін назарларыңызға ұсынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтай отырып, біз өз алаңымызда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын ашық, тең құқылы әрі түсінікті шарттармен орналастыруды ұсынамыз.
1. Үгіт-насихат науқанының мерзімі
-
Басталуы: 2026 жылғы 23 шілде, сағат 18:00-ден кейін;
-
Аяқталуы: 2026 жылғы 22 тамыз, сағат 00:00-де.
2. Қызметтер құны (Прайс-парақ)

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар:

3. Келісімшарт жасасу және құжаттарды тапсыру
Өтініштер 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қабылданады. Орналастыру кезектілігі өтініштердің түсу ретімен анықталады.
Қандай құжаттар қажет?
-
Партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
-
Саяси партияның сенім білдірген адамының өкілеттігін растайтын құжат (уәкілетті орган берген куәлік);
-
Сенім білдірген адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
-
Келісімшартқа қол қоюға құқық беретін өкілеттік құжаттары.
4. Ең маңызды талаптар
-
Мерзімі: Дайын материалдар жарияланардан кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын жіберілуі тиіс.
-
Міндетті ақпарат: Заңға сәйкес, әрбір жарнамалық материалда оны қаржыландыру көзі және ақпаратты ұсынған жауапты тұлғаның (сенім білдірген адамның) аты-жөні міндетті түрде көрсетілуі керек.
-
Мазмұнға жауапкершілік: Жіберілген мәтін мен видеоның ҚР заңнамасына сәйкестігіне тапсырыс беруші тікелей жауапты.
-
Жариялаудан бас тарту: Tiek.kz редакциясы ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыратын, конституциялық құрылысқа қауіп төндіретін, сондай-ақ өзге кандидаттардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаудан бас тартуға толық құқылы.
5. Қысқаша техникалық талаптар
-
Мақалалар (PR): Тақырып 90 таңбадан, кіріспе (лид) 200 таңбадан аспауы тиіс. Мақалаға сапасы жоғары 5 суретке дейін (1920х1080px) қосуға болады. Қону бетіне (landing page) сілтеме беру міндетті.
-
Баннерлер: HTML5, GIF, JPEG, PNG форматтарында қабылданады (көлемі 150 Кб дейін). Анимация ұзақтығы 30 секундтан аспауы шарт. Оқырманның көзін қарықтыратын жыпылықтау эффектілеріне тыйым салынады.
-
Видео (Reels, TikTok): MP4 немесе MOV форматында, 1080×1920 ажыратымдылығында (9:16) болуы керек. Ұзақтығы 1 минутқа дейін.
6. Төлем жасау тәртібі
Қызмет ақысы Tiek.kz редакциясы ұсынған төлем шоты негізінде, шот жазылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аударылуы тиіс.
Біздің мекенжайымыз және байланыс: Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тікелей кеңседе қабылданады (факс немесе интернет-байланыс арқылы өтініштер заңдық талаптарға байланысты қабылданбайды).
-
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел 8, 7 н.п, 17 «В» блок 302 кабинет
-
Редакция телефоны: 8701 305 30 11
-
Электронды пошта: bakytnura@gmail.com