Қоғам
Нью-Йорк полиция департаментінде қызмет ететін қазақтар (ВИДЕО)
Ол отбасымен бірге 2002 жылы АҚШ-қа көшіп, 2014 жылдан бері полицияда қызмет етеді.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген этникалық қазақтармен кездесті, деп хабарлады tiek.kz.
Кездесуге Мирас Бүкешев пен Данияр Нұртаза қатысты.
Мирас 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, бес жылдан кейін Нью-Йорк полициясының қатарына қабылданған. Ал Данияр Нұртаза отбасымен бірге 2002 жылы АҚШ-қа көшіп, 2014 жылдан бері полицияда қызмет етеді. Ол 2015 жылы Нью-Йорк метросының маңында әйелдің босануына көмектесіп, көпшілікке танылған. Кейін оның өмірі мен қызметі туралы деректі фильм түсірілген.
Ержан Саденов қандастарға кәсібіне адалдығы үшін алғыс айтып, денсаулық, амандық және алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



