Қоғам

«Құлдық – ең ауыр қасірет»: Еділ Жаңбыршиннің жазбасы жұрт талқысына түсті

Мәжілісте белсенділігімен танылған бірқатар депутаттың Құрылтай құрамына енбеуі қоғамда қызу талқыланған болатын. Солардың қатарында Еділ Жаңбыршин де бар.

Мәжілістің бұрынғы депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі жазбасында еркіндік пен ар-намыс туралы пәлсапалық оймен бөлісті.

Ол жазбасында Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» шығармасынан еркіндік пен ар-намыс туралы үзіндіні келтірді.

«Еркіндік – адамға Жаратқанның берген ең қымбат сыйларының бірі. Еркіндік үшін де, ар-намыс үшін де адам қажет болса өмірін қатерге тігуі тиіс. Ал құлдық – адам баласының басына түсетін ең ауыр қасірет», – деп жазды экс-депутат.

Еске салайық, бұған дейін Мәжілісте белсенділігімен танылған бірқатар депутаттың Құрылтай құрамына енбеуі қоғамда қызу талқыланған болатын. Солардың қатарында Еділ Жаңбыршин де бар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Еділ Жаңбыршин (@zhangyedil)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button