Қоғам
Тренд

«Жұмыстан шықтым»: Бишімбаев ісімен танылған прокурор мәлімдеме жасады

Бұл - заңның талабы, мен оны толық орындадым.

Әлеуметтік желіде «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат болып ұсынылуы қызу талқыланған мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова заң талаптарына сай прокуратура органдарындағы қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлады.

Атышулы «Бишімбаев ісінің» сот талқылауында елдің көзайымына айналған прокурор ресми түсініктеме берді:

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде менің «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат болып ұсынылғаным туралы ақпарат қызу түрде талқылануда.

Осы жағдайға байланысты өз атымнан түсініктеме беруді жөн көрдім.

Мен ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында заңға, мемлекетке қызмет етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жұмыс істедім.

Кандидат болып ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан жұмыстан шықтым.

Бұл — заңның талабы, мен оны толық орындадым.

Бұл шешімді мен саналы түрде қабылдадым.

Менің кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарымызды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы бола алатынына сенімдімін.

Қолдау мен ықыластарыңыз және сұрақтарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын.

Бұл мен үшін өте маңызды.

Алда атқарылар жұмыс көп, мен ашық диалогқа дайынмын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button