Қоғам
«Үйден шықпаңыздар!»: дәрігерлер аптап ыстыққа байланысты дабыл қақты
Кейбір өңірлерде аптап ыстық +45 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болатынын ескертіп, дабыл қақты.
Кейбір өңірлерде аптап ыстық +45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Осыған байланысты мамандар сағат 11:00 мен 17:00 аралығында аса қажет болмаса сыртқа шықпауға кеңес береді.
Дәрігерлер күннің ыстығында ашық түсті, жеңіл киім киіп, мүмкіндігінше көлеңкеде немесе салқындатқышы бар ғимараттарда болған жөн екенін айтады.
Сондай-ақ ағзаны сусыздандырмау үшін тәуліктік су мөлшерін жеткілікті көлемде ішу қажет. Бірақ суды бірден көп мөлшерде емес, аз-аздан және жиі ішкен дұрыс.



