Қоғам
«Енді мен еркінмін»: Партиялық тізімге енбей қалған Бақытжан Базарбек халыққа үндеу жасады
Бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Өмірдегі әрбір кезең – жолдың соңы емес, жаңа белесі.

Құрылтайға ұсынылған партиялық тізімдердің ешқайсысына енбеген бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өзіне қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды tiek.kz.
Базарбек өз жазбасында Парламенттегі үш жарым жылдық қызметінде ел мен халыққа адал әрі принципшіл қызмет етуге тырысқанын атап өткен.
Сондай-ақ ол өзі үшін халықтың сенімі мен құрметіне ие болғанын ең үлкен жетістік санайтынын жеткізіп, Сонымен қатар өзіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткен азаматтардың барлығына ризашылығын білдірген.
«Парламенттегі үш жарым жылдық қызметімде еліме және халқыма адал әрі принципшіл түрде қызмет етуге бар күш-жігерімді салдым. Бетке ұстар Парламент депутатына айналдым. Егер осы жолда халықтың сенімі мен құрметіне ие бола алсам, онда бұл еңбегімнің зая кетпегені.
Енді мен еркінмін және мен үшін жаңа кезең басталады. Бір есік жабылса, екіншісі ашылады. Өмірдегі әрбір кезең – жолдың соңы емес, жаңа белесі.
Маған сенім артқан, қолдау білдірген және әрдайым жанымнан табылған баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш-қуат берді. Рақмет!», – деп жазды Бақытжан Базарбек.


