Саясат

Бишімбаев ісін тергеген прокурор «Әділет» партиясының атынан Құрылтайға депутаттыққа ұсынылды

”Әділет” партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидат ұсынды.

Бүгін “Әділет” партиясының съезінде кандидаттар тізімі жарияланды.

”Әділет” партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидат ұсынды. Тізімге партия төрағасы Айбек Дәдебай, сондай-ақ Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин енгізілді.

Елдегі ықпалды бизнесмендерден Шахмұрат Мүтәліп, «Qarmet» және «Allur» компаниясының директоры Андрей Лаврентьев кірген.

«Қазақ тілі» қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы, «Президент» хабарының жүргізушісі Әділ Балтабаев бар. Сонымен қатар кандидаттар қатарында  Асхат Аймағамбетов, Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым, Ерлан Сайыров секілді бұрынғы депутаттардың аттары аталған.

Сондай-ақ, өзге үміткерлердің ішінде прокурор Айжан Аймағанова да бар. Ол Қуандық Бишімбаевқа қатысты шулы істе мемлекеттік айыптаушы болған.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button