Оқиға
Тренд

Жамбыл облысында жер сілкінді

Өткен түнде Жамбыл облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпуі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде болған. Қазақстан ұлттық деректер орталығы 10 шілдеде Астана уақытымен 00:59-да тіркелген жер сілкінісінің ошағы жердің 15 шақырым терең қабатында орналасқан деп хабарлады.

Зардап шеккендер мен мүліктер қирап-бүлінгені туралы ақпарат түспеген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button