Саясат

«Байтақ» партиясының съезіндегі текетірес: Төрағаны ауыстырмақ болды

Азаматхан Әміртай мен саяси кеңес мүшесі сөз сөйлейтін мінберге таласып қалды.

Сайлауалды съезд барысында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай сөйлеп жатқан кезде саяси кеңес мүшесі Асқар Иманалиев өзі сұранып мінберге шықты. Партияның күн тәртібіне көңілі толмайтынын айтып, 2023 жылғы сайлаудағы нәтижеге көңілі толмайтынын да жасырмады.

Партияның өзге мүшелері мұны «арандату» деп бағалап, қарсылық танытып жатты. Соған қарамастан Асқар Иманалиев сөзін жалғастыра берді. Тіпті «Партия төрағасын ауыстыру мәселесін күн тәртібіне қою керек»-деген ұсыныс айтты. Алайда, партия төрағасы Азаматхан Әміртай «партия жарғысына сәйкес барлық аймақтың өкілі болу керек»-деген желеумен басшы ауыстыру мәселесін қабылдамауды ұсынды. Ол ұсынысқа бір ғана адам қарсы болып, бұл мәселе күн тәрбінінен алынып тасталды.

Содан кейін партиялық тізім жарияланды. Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың ішінде төрағамен итерісіп сөз сөйлеген Асқар Иманалиев те бар.

Айтпақшы, съезд басталған кезде бір топ адам кіре алмай сыртта қалып шу шығарған болатын.

Толықтырылған ақпараттар әлі де жарияланып отырады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button