Заң үстемдігі
Тренд

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қамауға алынды

Әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады тиек телеграм арнасы. 

Астана қалалық полиция департаменті елордада жол-көлік оқиғасының болғанын растағанымен, кінәлі жүргізушінің аты-жөнін нақты атамаған.

Ресми мәліметке сай, «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі өзге көліктермен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай тәртіп сақшылары аталған көлікті Достық көшесінде тоқтатып, тізгінінде отырған мас күйдегі 35 жастағы ер адамды ұстаған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Елордалық полиция өкілдері заң алдында бәрі тең екенін және жауапкершілік адамның танымалдылығына, кәсібіне немесе сіңірген еңбегіне байланысты емес екенін атап өтті.

Айта кетейік, осыдан он жыл бұрын Рио-де-Жанейро Олимпиадасында алтын тұғырдан көрінген боксшы Данияр Елеусінов үстіміздегі жылдың наурыз айында тура 35 жасқа толған болатын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button