Саясат

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы мен Бас прокурорды қызметіне қайта тағайындады

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Берік Асылов Қазақстанның Бас прокуроры лауазымына қайта тағайындалған еді.

Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы лауазымын 2022 жылғы 8 желтоқсаннан, ал Берік Ноғаев Бас прокурор қызметін 2022 жылғы 3 наурыздан бері атқарып келеді.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button