Саясат

«Жүрегімнің қалауы»: әнші Аша Матай депутат болуға бел буды

Қазақстан Халық партиясы бүгін кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына арналған кандидаттар тізімін бекітті.

Қазақстан Халық партиясы бүгін кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына арналған кандидаттар тізімін бекітті. Партиялық тізімге барлығы 72 адам енді.

Құрылтай сайлауына қатысатындардың арасында халық әртісі Тамара Асар, тележүргізуші әрі әнші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай), актриса Венера Нығматулина және бірнеше журналист пен қоғам қайраткері бар. Сондай-ақ, Асылбек Нұралин, Кенжегүл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова кірді. Сонымен қатар бұрын Сенат депутаты болған Ләззат Сүлеймен секілді бұрынғы депутаттар, бизнес, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, тізімнің 75%-ын еркектер (54 адам), 25%-ын әйелдер (18 адам) құрайды. Кандидаттардың орташа жасы — 45 жас, бұл ретте тоғыз адам 35 жасқа толмағандар. Кандидаттардың басым бөлігі – қазақтар (82%), сондай-ақ тізімге орыс, ұйғыр, корей, татар және грузин ұлтының өкілдері кірді.

Партия өкілдерінің атап өтуінше, ең үлкен топты кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері құрап отыр.

Қазақстан Халық партиясынан үміткерлердің толық тізімі:

1. Ғалымжан Әбдірайымов

2. Теміржан Әбдірахманов

3. Әлімбек Әгібаев

4. Рахман Аққозиев

5. Ләззат Ақтаева

6. Әлібек Әлмәдиев

7. Қайыркен Амантаев

8. Найля Аппасова

9. Данияр Арғұмбаев

10. Ақбота Асқарбекова

11. Эльмира Әуезова

12. Мирас Әукенов

13. Алмат Ахметов

14. Ардақ Балажанова

15. Әсемгүл Балықбаева

16. Әлібек Бегалинов

17. Александра Беглова

18. Серік Беркамалов

19. Жандос Бидайбеков

20. Нұржан Бияқаев

21. Уатхан Біләл

22. Жәнібек Ғазиз

23. Игорь Гноевой

24. Дамир Дигай

25. Балжан Досмұхамбетова

26. Еркебұлан Дудабаев

27. Лаура Еділбаева

28. Қайрат Ерназаров

29. Тамараасар Жанқұл

30. Әсел Жапарова

31. Олжас Ибраимов

32. Фарух Илиев

33. Ұлан Іңкәрбеков

34. Орынбасар Исабаев

35. Жұмағали Исмаилов

36. Теңіз Қабақов

37. Дамир Қабдешев

38. Айдын Қайдаров

39. Асқар Қаймақов

40. Зухра Камбарова

41. Аман Қанатұлы

42. Дамир Каюмов

43. Лейла Күленова

44. Бауыржан Құрманғазин

45. Надир Курумбаев

46. Бейбіт Құсайынов

47. Борис Лаврентьев

48. Кәлел Мақсұтов

49. Едіге Марғұлан

50. Мұратбек Маханов

51. Евгений Миронов

52. Венера Нигматулина

53. Асылбек Нұралин

54. Ілияс Нұрсейітов

55. Нұрдәулет Оразханов

56. Владислав Пан

57. Виктор Поднебесный

58. Дархан Рамазанов

59. Марлен Рысбеков

60. Совет Сейітов

61. Кенжеғұл Сейтжан

62. Болат Смағұлов

63. Ирина Смирнова

64. Ләззат Сүлеймен

65. Ислам Сұңқар

66. Қарлығаш Сыдықова

67. Рашид Төлеуғалиев

68. Жандос Уәлихан

69. Баймырза Умаров

70. Омари Харбедия

71. Нұрсұлтан Шоқанов

72. Елена Шонаева

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button