Қоғам
Тренд

Шекаралас мемлекеттерден келетін көліктердің кіруіне шектеу қойылды

Бұл іспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр.

Қазақстанда жанар-жағармай өнімдерін шекара арқылы заңсыз шығарудың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Үкіметте өткен брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев шекаралас мемлекеттерден келетін көліктердің кіруіне шектеу қойылғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттердің жүк және жеңіл көліктері Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайтын тәртіп орнатылған. Қазір негізгі жұмыс жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау үшін қосымша отын бактары орнатылған көліктерді анықтауға бағытталған. Бұл іспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр», — деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Оның айтуынша, шекаралас аймақтарда отынды заңсыз шығармақ болған құқық бұзушылар жиіленіп кеткен.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button