Саясат

Respublica партиясы Құрылтай сайлауына құжат тапсырды

Respublica партиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттарының партиялық тізімін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлады tiek.kz.

Құжаттарды партия төрағасының орынбасары, Орталық аппарат жетекшісі Жанат Ысқақов бастаған делегация өткізді.

Партиялық тізімге 76 кандидат енген. Олардың орташа жасы – 41 жас. Ең жас кандидат – 27 жаста, ең үлкені – 55 жаста. Тізімнің басым бөлігін кәсіпкерлер құрайды.

Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор, білім беру, агроөнеркәсіп, мәдениет, спорт, медиа және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Жаңа заң шығарушы орган алғаш рет сайланады және 145 депутаттан тұрады.

Депутаттар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізіммен бес жыл мерзімге сайланады.

Құрылтайдан орын алу үшін партиялар сайлаушылардың кемінде 5 пайыз дауысын жинауы тиіс.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button