
Конституциялық сот 2026 жылғы Конституция нормаларына ресми түсіндірме берді, деп хабарлады tiek.kz.
Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі сайлану алғашқы мерзім ретінде есептеледі
Қазақстанның Конституциялық соты 2026 жылғы Конституцияның бірқатар баптарына ресми түсіндірме берді. Соттың шешіміне сәйкес, 1995 жылғы Конституция бойынша қызмет атқарып отырған тұлғалар жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін сол лауазымдарға қайта сайлана немесе тағайындала алады.
Конституциялық соттың түсіндіруінше, 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін мұндай тұлғалардың тиісті лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы конституциялық шектеулерді қолдану кезінде алғашқы сайлану немесе алғашқы тағайындалу ретінде есептеледі.
Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына кандидат ретінде қатыса алады.



