Әлем

Алагөзов Бішкек халқын қаладан шығып кетуге шақырды

Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Бішкек жұртына ШЫҰ саммиті кезінде қалада болмауға кеңес берді, деп жазады Азаттық радиосы.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Бішкек тұрғындарын 30 тамыз–1 қыркүйек аралығында өтетін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы саммиті кезінде Ыстықкөлге немесе өзге демалыс орындарына уақытша бара тұруға шақырды.

Алагөзовтың айтуынша, бұл күндері Қырғызстанға 21 мемлекеттің басшысы келеді және 31 тамызда Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанаты да өтеді, сондықтан қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, негізгі көшелер жиі жабылады.

Билік өкілі халықаралық іс-шараларға байланысты мектептер мен жоғары оқу орындарында оқу 15 қыркүйекте басталатынын еске салып, тұрғындарға «1 қыркүйекке дейін Бішкекке баруға асығудың қажеті жоғын» айтты.

Бішкекте халықаралық саммиттер кезінде әдетте Манас әуежайынан президент резиденциясына апаратын негізгі жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button