Экономика
Тренд

Қазақстан Қырғызстанның жанармай беру туралы өтінішін қарастырып жатыр

Қазақстан Қырғызстанның жанармай беру туралы өтінішін қарастырып жатыр.

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды tiek.kz.

Оның айтуынша, шешім Қазақстанның ұлттық мүддесі ескеріле отырып қабылданады. Сонымен қатар бұл мәселе ішкі нарықтағы жанар-жағармай қорына немесе отын бағасына әсер етпейді.

Вице-министр сондай-ақ Ресей тарапынан Қазақстанға жанар-жағармай жеткізуге қатысты ешқандай ресми сұраныс түспегенін айтты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button