Әлем

ХАМАС үкіметті таратып, Газадағы билікті технократтарға беруге дайын екенін хабарлады

ХАМАС қозғалысы Газадағы өз үкіметін таратып, билікті палестиналық технократтардан құралған азаматтық басқару органына беруге дайын екенін мәлімдеді.

 Euronews телеарнасының мәліметінше, бұл қадам ХАМАС үшін елеулі саяси бетбұрыс болып саналады.  Ұйым бұл қадам АҚШ қолдап отырған жоспар аясында жасалып жатқанын айтты.

Алайда Израиль бұл мәлімдемені «көзбояушылық» деп бағалады. ХАМАС министрліктердің жұмысы жалғасатынын және Газадағы қауіпсіздік пен полиция қызметін үйлестіруді өз бақылауында сақтайтынын хабарлады.

Ұйым 2006 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, 2007 жылы қарсыласы – ФАТХ қозғалысынан билікті күшпен тартып алып, содан бері Газа секторын бақылауда ұстап келген.

Былтыр қазан айында Газада ХАМАС пен Израиль арасында атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен кейін, ұйым күнделікті азаматтық басқарудан шетте қалуға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Алайда қозғалысты қарусыздандыру мәселесі әлі күнге дейін шешімей тұр.

“Үкіметтің төтенше комитетінің басшысы Мұхаммед әл-Фарра ресми түрде қызметінен кеткенін мәлім етті. Әкімшілік және басқару өкілеттіктерін Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитетке біртіндеп өткізу үшін төтенше комитетті тарату туралы шешім де қабылданды”, – деді ХАМАС үкіметінің медиа кеңсесінің басшысы Исмаил әт-Тауаб.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button