Қоғам

«Қабағын түйіп алып, сызданып отырса»: Желіде Бекболат Тілеуханның әңгімесі қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Желіде тараған видео қолданушылар арасында түрлі пікірталас тудырып, оның айтқан ойына қатысты әртүрлі көзқарастар айтылуда.

Белгілі әнші, қоғам қайраткері әрі бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханнің қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кадрлардан Бекболат Тілеуханның дастархан басында жиналған қауымға отбасы құндылықтары, туыстық байланыс пен ауызбіршілік туралы ой қозғап отырғанын көруге болады.

Ол өз сөзінде отбасы ішіндегі татулық пен ағайын арасындағы сыйластықты сақтауда әйелдердің рөлі ерекше екенін атап өтті.

«Туыстық қарым-қатынасты жөндейтін – әйелдер. Үйде қабағын түйіп алып, сызданып отырса, күйеуінің де күйі болмайды», – деді Бекболат Тілеухан.

Желіде тараған видео қолданушылар арасында түрлі пікірталас тудырып, оның айтқан ойына қатысты әртүрлі көзқарастар айтылуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Этно ауыл Жаңаарқа 🏇 (@janaarka_etnoauyl)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button