Спорт

«Қатты сынамаңыздар!»: Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйрене бастады (ВИДЕО)

Асаубаева осы уақытқа дейін берген сұхбаттары мен ресми мәлімдемелерінде қазақ тілінде жауап бермегені үшін бірнеше рет сынға ұшыраған болатын.

Шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қазақ тілін жетік меңгеруге шешім қабылдады. Бұл туралы 22 жастағы спортшы өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

Ол сабақ барысында түсірілген үзіндіні жариялап, оқырмандарынан өзін қатты сынамауды сұраған.

«Қатты сынамаңыздар. Дамуымды көру үшін осында бөлісіп отыруды жөн көрдім», – деп жазды спортшы.

Желі қолданушылары Бибісараның бастамасын қолдап, оған қазақ тілін меңгеру жолында сәттілік тіледі.

Асаубаева осы уақытқа дейін берген сұхбаттары мен ресми мәлімдемелерінде қазақ тілінде жауап бермегені үшін бірнеше рет сынға ұшыраған болатын.

Осыдан кейін шахматшы жағдайды өзгертуге және тіл үйренуге уәде берген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button