Қоғам
Тренд

ИК тобының әншісі саясатқа бет бұрды

«Ирина Кайратовна» тобының продюсері, негізін қалаушы, солисі әрі партия мүшесі Азамат Марклен Республика партиясының құрамына кірді, деп хабарлайды tiek.kz.

Бүгінгі партия съезінде бірнеше тұлға мүшелікке қабылданды. Олардың қатарында белгілі журналист Ерболат Мұхамеджан мен “Ирина Кайратовна” тобының мүшесі әрі продюсері Азамат Маркленов те бар.

Tiek телеграм каналы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Азамат партияның креативті индустрия саласына жауапты болмақ.

Азамат Маркленнің айтуынша, Respublica IT-мамандарды, музыканттарды, дизайнерлерді, сәулетшілерді және стартаперлерді қолдауға басымдық береді. Партияның сайлауалды бағдарламасында креативті бизнесті дамыту, экспорттық табысты салықтан босату, жастар кәсіпкерлігін қолдау және жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері қарастырылған.

Ол сондай-ақ бүгінгі таңда елдің дамуына саясаткерлермен қатар кәсіпкерлер, инженерлер мен шығармашылық индустрия өкілдері де елеулі үлес қосып жатқанын айтты

Астанада өткен Respublica партиясының V кезектен тыс съезінде Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді.

Тізімде 32 әйел, 12 жас өкіл, 3 мүмкіндігі шектеулі азамат, сондай-ақ партия жанындағы PolitIQ мектебі мен кадрлық резервтің 10 түлегі бар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button