Қоғам

SCAT әуе компаниясының президенті бір жылда 335 млн теңге сыйақы алған

SCAT әуе компаниясының президенті бір жылда 335,9 млн теңге сыйақы алған. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийіндегі құжатта жазылған, деп хабарлады kursiv.media. 

Әуе компаниясының президенті қызметін 2020 жылдан бері Владимир Денисов атқарып келеді. Ол компания президенті ғана емес, 57 пайыз акциясын иеленетін ірі акционер. 198 млн доллар байлыққа ие Денисов ең дәулетті кәсіпкерлер арасында 50- орында тұр.

Оған 2024 жылы 224 млн теңге төленсе, 2025 жылы алған сыйақысы 336 млн теңгеге жуықтаған. Яғни, президентке төленген ақша бір жылда 92 млн теңгеге артты

SCAT компаниясының негізі 1997 жылы қаланған. Шымкент қаласында орналасқан Қазақстандағы ең ірі жеке әуе компанияларының бірі. Ол ел ішінде және шетелдерге тұрақты әрі чартерлік рейстерді орындайды.

Құрылтайшылары  – Владимир Сытник пен Владимир Денисов. Сытниктің байлығын Forbes басылымы 143 миллион долларға бағалайды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button