Саясат
Тренд

Тоқаев «Халық кеңесі туралы» жарлыққа қол қойды

Президент «Қазақстан Халық кеңесінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды.

Заңға сәйкес, Қазақстан Халық кеңесі – Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган.

Қазақстан Халық Кеңесі мынадай міндеттерді іске асырады:

  • мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпыұлттық диалогты ұйымдастырады;
  • қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтады;
  • Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетеді.

Халық кеңесі Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқылы.

Халық кеңесі төрағасы Қазақстан Халық кеңесінің сессиясында 4 жыл мерзімге сайланады. Бір адам екі реттен артық төраға болып сайлана алмайды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button